Бұл бетте «Жағалау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңізге құлшындым,
Түссем деп ұмсындым.
Жағаға жүгірген
Толқыннан қымсындым.
Аңсаған әнім деп,
Жүрегім жалын деп.
Бір жүзіп қайтайын,
Атты ғой таңым деп.
Ішімде бір ағын,
Сыртымда бір ағын.
Теңізге құладым,
Қап қойды тұрағым.
Су сорды тәнімді,
Ақ сағым түстенген.
Ұшты ғой иманым,
Балтырым тістелген.
Керек ед бағалау
Әліңді шамалау.
Көзіме көрінші,
Қайдасың жағалау?!
Ап кетер алысқа,
Айтқанмен желге сыр.
Таң қалмас жасыңа,
Тамшылар көл-көсір…
Теңіздің аяғы,
Құрлықтың бастауы.
Жағалау, жағалау,
Шаттықтың шашбауы.
Теңізде сан құрбан,
Кемесін қалдырған.
Өзіңе жетсем деп,
Жанарын талдырған.
Өмірдің ләззәті,
Өзіңсіз шамалы ау.
Жыласып көрістім:
Жағалау жағалау!!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі