Бұл бетте «Кейде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеке дара жүрекке билік құрып,
Күйіп жанып бір ғажап күйді ұқтырып.
Алақанда әлпештеп жүресің де,
Кейде мені аласың ширықтырып.
Аялайсың көрсетіп қормал қылық,
Ойларыңмен тастайсың толғандырып.
Елжіретіп жанымды отырып та,
Кейде мені аласың шамдандырып.
Қатар күлген жұлдызбен кештелетіп,
Талай жолғы еңбегің текке кетіп.
Құшағыңа құлауға сәл қалғанда,
Абайсызда аласың өкпелетіп.
Алдарқатып көңілді жайландырып,
Ұршықтайын кетесің айландырып.
Кейде сені сағынып отырам мен,
Бір көруге шарам жоқ, айлам құрып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі