Сен бе әлде
Бұл бетте «Сен бе әлде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұтақ-бұрым ақ лентамен өрілді,
Ақ бояумен сырлады қыс жолымды.
Саған деген көңілімнің алдында,
Ақша қарды шаң басқандай көрінді…
Қайдасың деп шымшыды аяз қолымды,
“Туған жерге барып қайтсаң орынды”
Қыр соңымнан қуып жеткен ағыс та,
Саған қарай бастайтындай көрінді…
Сен қаттырақ сүйіп беттен тұр ма деп,
Ойлап қалсам үскірік қой қырма бет.
Мазамды алды етігіме қол сұғып:
“Әлі күнге неғып жүрсің мұнда” деп.
Тұлпар жылы босап келген шідерден,
Сағыныш па жібек жалын кім өрген?
Бір соғар деп ала берсең мазасын,
Соның бәрін сенсің бе әлде жіберген?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі