Өлең, жыр, ақындар

Жанған жұлдыз!

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Жанған жұлдыз!
Көз біткенді қарықтыр,
Шомсын әлем сәулелерге алып бір.
Ғасырда бір туылатын бірегей,
Ол Фариза!
Құмды шыққан жарып гүл!

Аптаптарға жапырағын сүйдіріп,
Ал тамырын құм отына күйдіріп.
Қаймықпастан желге қарсы талпынды,
Жырларымен дала төсін идіріп.

Әр жолына салмақты ойды сидырып,
Кәусар жырдан жұрты көрген игілік.
Шындық үшін қарт Каспише долданып,
Қажет кезде сала білген қиғылық.

«Құмда тудым, от тамады денемнен,
Алғам ойды Каспи дейтін тереңнен.
Азабыңды күтем бұғып қалмаймын,
Деді дағы тау тұрғызды өлеңнен.

«Фариза қыз» әндетеді шар тарап,
Асқақ тудың жағымсуды ар санап.
Нәзік дене сонша үлкен шабытты,
Қалай ғана жүре алды екен арқалап?!

Жел сөздерге, қауесетке еті өліп.
Онан сайын қайраттанып, төселіп.
Оңашада сығымдайтын көз жасын,
Жария етті қыз сезімін көтеріп.

Жасай білген білместерге кешірім,
Жарқыратқан сан таланттың есімін.
Шындық өліп бара жатқан мезетте,
Махамбетше кесіп айтқан кесімін…

Ақ бұйра бұлт, Нарын құмға құйып кет,
Ақын қызын сағынды ғой…
Сүйікті ед,
Фариза – тау Сарыарқаның төсінде,
Күннен-күнге бара жатыр биіктеп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда тұрасыз дейсің

  • 0
  • 0

Көшесі алыппен аталатұғын,
Бақтары гүлмен жасанатұғын.
Қыраны көкке көтерілерде,
Алатау қарттан бата алатұғын.

Толық

Қызыма

  • 0
  • 0

Ұйқыға тәтті бөленген шағың,
Ғажайып елес,гүл сағым.
Ұлпадан нәзік мұздаса тәнің,
Мейірімменен жылытамын.

Толық

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар