Сырға толы қарашық – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сырға толы қарашық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Сырға толы қарашық,
Мен ішіңде кетсем бе екен адасып.
Ғаламатын былайғы жұрт сезбейді,
Отырар ед қарасып.

Қарауытқан сен деп қалып түнді мен,
Шықтым сыртқа бір ғажайып күй ішім.
Сезіндім тек күн қазаны күйдірген,
Топырақтың ійісін.

Әжіміндей қарт адамның сызылған,
Жосындардың ешқайсысын түсінбей,
Қалғым келед,
Жайлы мекен жоқ маған,
Қарашықтың ішіндей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері