Бұл бетте «Мазамды алма менің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мазамды алма менің,
Елестер бұлдыраған.
Сендерсіз мені өзіне,
Тартады нұрлы ғалам.
Бұл бұла кезім емес,
Жаңбырға төзе алмаған.
Қалпымнан танғаным жоқ,
Биіктен көз алмаған.
Бйіктің бйігі сен ,
Туған жер нұрлы мекен.
Сол жақтан бір жан маған,
Қол бұлғап тұрды ма екен?
Сағыныш далам түгіл,
Күл төккен күресіндер.
Қанша алыс жүрсем дағы,
Түсіме кіресіңдер.
Түсімде көрмеу үшін,
Қойсам ба көзімді ілмей.
Жатсам бір ойсыз мұңсыз,
Өзімді өзім білмей.
Елестер сыртта қалып,
Көрінбей қайдағы аңыз.
Сүп суық күлген қызды ,
Суық та аймалағыш.
Есімде қалды сонсоң,
Тоңғаным ең алғашқы.
Біз жақтан шыққан күн кеп,
Әйнектен амандасты.
Кеткен соң бәрі де арман,
Қимас ел ,құба белдің.
Елесті көрейін деп,
Көзімді жұма бердім..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі