Құйттай ғана құлыным
Бұл бетте «Құйттай ғана құлыным» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,
Тоқтап қалған сияқтанып бар ғалам.
Сәл көрмесем алаңдадым шөлдедім,
Сыйладың сен тәтті күннің ермегін.
Қалыңдау деп, әлде жұқа болды-ау деп,
Жүз қозғаймын бесігіңнің жөргегін.
Ауыстырып бесік жырға күйімді,
Доғардым мен кештер менен жиынды.
Ақ жүзіңе қонады-ау деп шаң келіп,
Қайта- қайта тазаладым үйімді.
Қайдан алдым ұшан теңіз сезімді?
Елжіреймін қадағанда көзіңді.
Саған сая болу үшін қас-қағым,
Өркен жайған талға ұқсаттым өзімді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі