Періште оймен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Періште оймен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Басқа бір жаққа беттегем,
Іздесең сонан табылам.
Пенде боп сені жек көрем,
Періште оймен сағынам.

Жеткізбес сағсн өрдеймін,
Үмітті бірақ үзбеймін.
Пенде боп сені көрмеймін,
Періште оймен іздеймін.

Біздегі тірлік –қысқа өзен,
Құмырсқа күйбің тірлігім.
Періште оймен түс көрем,
Түсірсе аспан түңлігін.

Құбылу бізге бұйым ба?
Жайымыз осы-біле бер.
Періште ойға сыйын да,
Пенде боп өмір сүре бер!
Алтайдың тауы кетіп, дала қалды,
Керейден үлкен кетіп, бала қалды.
Тап берсе тапжылмайтын сабаз кетіп,
Тар заман, тар дүние араға алды
Қарағұл залың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште оймен өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Періште оймен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште оймен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште оймен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері