Бұл бетте «Қыз сыры» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бозбаламен бірге шығып қыдырмаймын жаймаға,
Ағам үйде отырғанда қарамаймын айнаға.
Үйге қонақ келген кезде жайда қалам жағдайсыз,
Дастарқанда бірге отырып ас іше де алмайсыз.
Анам тегі қатал адам басқаратын сол үйді,
Ол кісі жоқ болған кезде маңымды ел ториды.
Біздер үшін әз анамның алаңы көп бітпеген,
Бір оқиға туылар деп алаңдайды күтпеген.
Есті азамат аз сияқты заман сырын ұғынған,
Ауылымда жігіттер көп бөтелкеге жығылған.
Қарттар жағы ақыл айтып көндіре алмай ұтылған,
Өмір бейне өзім тіккен кестелердей шытырман.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі