Арман жігіт
Бұл бетте «Арман жігіт» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрген кезде көкірек толып мұңға,
(Ойлаудан да сол жанды жалықтым ба)
Қасіретті мендегі орталаттың,
Арман жігіт ғайыптан жолықтың да.
Қалмағандай еш төзім мұңға шыдар,
(Бұлт болғанмен көктемде гүл де ашылар)
Қасіреттің қалғанын бөліп ал да,
Қуанышты мендегі шыңға шығар!
Жел ескендей самғасаң қанатыңнан,
Басқаларға ұқсамас дара тұлғаң.
Сезе алдың ба сендегі сол даралық,
Маған арман болуға жаратылған!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі