Бұл бетте «Жұлдыз жанар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдыз жанар сөнбеген алаулаған,
Көп телміріп шалғайға талаураған.
Маған ұқсас адамдар бар шығар-ау,
Саған ғана ұқсайтын санаулы адам.
Жазды көрем мен сенің шаттығыңнан,
Қарды көрем көңілдің ақтығынан.
Көлді көрем ойыңнан толқып жатқан,
Отын көрем жанар тау жастығыңнан.
Қасіретің ерімес мұз сияқты,
Сағынышың сарғайған күз сияқты.
Тауға ұқсайды өр тұлғаң екі ыйығың,
Қыран ғана қонатын құз мияқты.
Қалжырасаң қалғандай дала тыныш,
Қара шашың - түнгі бел қара пүліш.
Мендегі арман бір болса сеніменен,
Ал сенімен бір екен жаратылыс.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі