Бұл бетте «Қыйын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жерге түскен жемістер, солған гүлім. Айтып жатыр,бір мезгіл болғандығын. Көңілшектеу жапырақ тез сарғайып, Сабырлысы сездірмес тоңғандығын.
Көшіп жатыр бір дәурен,өтіп жатыр басымнан. Сыңғырлатып керуенін ұзап барад қасымнан. Күз дегенің не тәйір, Қоштастым ғой сізбен де.
Сағағына ілінген өмір семген, Көз үйреніп күзге де,көңіл сенген. Арша менен Шыршаның жайы бөлек, Тасты жарып шыққан соң, өміршең бе ең?!
Хабарлама
INFO
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі