Топшылау – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Топшылау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 639
Бәлкім мен назарыңда тау шығармын,
Алдырмаған қамалын жау шығармын.
Жырлай жүріп өзіңді өртеніп ем,
Жырлай жүріп бір күні таусылармын.

Бәлкім мен назарыңда күн шығармын,
Жырдан шуақ төгуге құлшынармын.
Қара бұлт қанатымен далдаласа,
Жабығармын тек іштей тұншығармын.

Күзгі желдей жанымды осқылар мұң,
Көңілменен көп жайды топшылармын.
Кейде оқыс сүркей ойға бір ақ кетем:
Бәлкім мен назарыңда жоқ шығармын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Топшылау өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Топшылау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Топшылау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Топшылау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері