Үнсіздік – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Үнсіздік» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Үн-түнсіз келіп қасыма,
Қолымды қыстың ақырын.
Қолымды алып қашуға,
Жетпеді мүлде батылым.

Еркіне көнбес өзгенің,
Қаталдық қайда мендегі?
Осы бір шағым бәрінен,
Жеңілген бір сәт кез бе еді ?!

Тіл қатуға дәрмен жоқ,
Қапсыра тарттың өзіңе.
Көп сырды айтып тұрғандай,
Қарадым үнсіз көзіңе.

Жұлдызы жанған түнгі аспан,
Тілсім бір күйге орайды.
Қыбырсыз қалған құрақтар,
Тыныштық күйді қалайды.

Сүйемін деп айтпай –ақ,
Сүюге жетті батылың.
Лап етті алау жүзіме,
Тығылып жатқан жасырын.

-Сүйемін-, дедің сонан соң,
Бұзылды қалай тыныштық?!
Салқындап бара жатқандай,
Жалынды жүзің тым ыстық.

-Сүйесің бе-, деп сонан соң,
Несіне тарттың сұраққа ?
Болмаса үркіп қасыңнан,
Кетпеспе едім жыраққа?!

Сезімнің сырын бар ма екен,
Сөзбенен айтып тауысқан?
Кездерді дайым аңсаймын,
Үн-түнсіз ғана қауышқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үнсіздік өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Үнсіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үнсіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үнсіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері