Бұл бетте «Сағыныш болып кетерсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаршаған кешкі көшемен,
Бозарып жалғыз келемін.
Осы бір көше, осы өзен,
Елесін күннің көремін.
Жанардан тамар жасым жоқ,
Жылауды мүлде доғарғам.
Жанымда ойнар жасын жоқ,
Адасып кеткен көп арман.
Сағынтқан маған жан едің,
Сағыныш болып кетерсің.
Сарыла күткен біреу бар,
Сағынбай қалай өтерсің?!
Маңдайды уақыт тырнаған,
Көнесің үнсіз сеземін.
Жолыңды тағдыр шырмаған,
Сол үшін ғана төземін.
Буалдыр тұман ар жағы,
Бұлыңғыр сенің елесің.
Үзілмес үміт бар тағы:
- Қалқам-ау қашан келесің?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі