Быйылғы көктем жай шықты – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Быйылғы көктем жай шықты» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Қарлығаш қақты қанатын,
Сергіді менің көңілім.
Астында қардың қалатын,
Түледі байтақ өңірім.

Десе де дала сәл шытқыл,
Мамырдың айын аңсадым.
Қаламға үнсіз жармасқан,
Қалтырай берді саусағым.

Жайнатып мүлдем бау-бақты,
Сызатын сурет айшықты,
Отаудан шыққан серідей,
Быйылғы көктем жай шықты.

Қыраудан қалған әр үйдің,
Әйнектерінде шық тұрды.
Быйылғы көктем күттіріп,
Қымбатын солай ұқтырды.

Құстарға қостым әнімді,
Көңілден енді кетер мұң.
Шуақты әр бір таңымды,
Жырыма арқау етермін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері