Апама ұқсап

Бұл бетте «Апама ұқсап» атты Мағиза Құнапияқызы жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Есімде менің уыз балалығым,
(Ол кезде сезбейтінбіз дала мұңын)
Қыдырған қарттарынан еститінбіз,
Өзгерісін заманның жаңалығын.

Дегендей «бұл әнімді сүйіп тыңда»,
Бір құс кеп саңқылдайтын бійік шыңда.
Апамның бар байлығы –кебежесі,
Түратын тәтті-дәмді сыйып мұнда.

«салынған кебежеге тағам»дейтін,
«Құдайы қонақ келсе салам»дейтін.
Жеңілдеп қой жүнінен көрпе істесе,
«Сыйлы бір адам келсе жабам» дейтін.

Әңгіме қозғалатын баяғыдан,
Мейманның үзілмейтін аяғы да.
Тәтті алып дастарқаннан беретұғын,
Сүйеніп атам марқұм таяғына.

Апамның кісі кетсе сыйын көріп,
Шаттандық өткендей бір жыйын болып.
Еріксіз таңданушы ем кісі келсе ,
Апамның зыр жүгірген күйін көріп.

Кең аспан пейіліңе теңеле ме ?
(Мен үшін тәтті біткен кебежеде!)
Сарқытты жататынсың үлестіріп,
Жиналған шөбереге ,немереге!

Тоқсанның жетеуінде кісі ғаріп,
Кіресің жійі-жійі түсіме анық.
Сендегі сол мінезді жаным апа,
Қойыппын сүтпен бірге ішіп алып!

Желісін ойларымның тауып қана,
Бармадым ойынға да сауыққа да.
Жазылған ашты азаппен тәтті жырды,
Сақтадым жылы қымтап, жауып қана.

Мұң көрсең кейде менің қабағымнан,
Түсіпті сүлкіні деп таба қылман.
Жүрермін апама ұқсап баптап жырды,
Үзіліп түскенімше сабағымнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апама ұқсап өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Апама ұқсап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апама ұқсап өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Апама ұқсап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері