Төзімімді тауып алғам – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Төзімімді тауып алғам» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Төзімімді тауып алғам тауымнан,
Сіркіреуді үйренгенмін жауыннан.
Дарқандықты қабылдағам даладан,
Дала болып кейде жаным ауырған.

Барқыт белден балбыраған ой алғам,
Көлге аққу келген шақта оянғам.
Қиялымның шырқау бійік көгінен,
Құлап кетпей құзар шыңды таянғам.

Жүрегім бар толқынындай тулаған,
Ойларым бар құстарындай шулаған.
Бейне жылдың төрт мезгілі секілді,
Кейде жайнап кейде сәтке қурағам.

Гүл ашылса көбелек боп қуанғам,
Тереземнен шықьты көріп уанғам.
Жалғызсырап сая іздеп барғанда,
Қотарылып тіл қатады ну орман.

Көк жійектен арайымды көргенмін,
Өрмекшідей тоқыдым ой өрнегін.
Самалына қарап шашты тарап ап ,
Талдарына қарап шашты өргенмін…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төзімімді тауып алғам өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Төзімімді тауып алғам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төзімімді тауып алғам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төзімімді тауып алғам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері