Дала сәні – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Дала сәні» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2498
Бір тал қамыс
жол үсті, мұңаяды.
Азар беріп
жел өті - қыл аяғы.
Көзің жасы
Көл болған - ұшты ма екен.,
Енді оны бұл
Қайтіп жия алады?
Бір-ақ талды
Үкісі дірілдеген.
Бары да, жоғы да
Оның білінбеген.
Суық ұрсын,
жаңбырда қалсын мейлі,
Дала сәні
Кіретін үніменен.
Бір тал қамыс
Не білді, нені ұғынды?
Күтуменен
көп дерек көзі ілінді.
Әжем көзін
Көргендей үкілерің
Өзі батыл,
өзі ерке, өзі мұңды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері