Қом – қанас – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қом – қанас» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Ақ торғын, жасыл жәннәт, кең мекенім,
Жырыммен тал бесікше тербетемін.
Кезбесем шар тарапты білмес едім,
Тұнығы су біткеннің сенде екенін.

Қалайша сенде туып байқамадым?
Бітпейді-ау жазатын жыр, айтар әнім.
Құлдилап,қимай қайта өр жаққа аққан,
«Теріс аққан»өзеніңдей қайта оралдым.

Тасынан бұлт ұшырған текті мекен,
Сұлулық бір өзіңнен өтті ме екен?
Аралас қайың менен бал қарағай,
Қолымен періштелер екті ме екен?!

Тым еркін,мөлдірліктің шыңы бұлақ,
Қашады малта тасқа ұрылып ап.
Қия алмай алас ұрған жүрегімді,
Кеудемнен қала берді суырып ап!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері