Бұл бетте «Табанымнан сыз өткен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сықыр етті терезем,
Аяз өрнек салыпты.
Кеуіп бір кетті кенезем,
Соға алмай жүрек қалыпты.
Сарғайған сары күздерім,
Қалған ба қыспен жалғасып.
Даладан сені іздедім,
Кіршіксіз жүрек қарға асық.
Терезеңде боз қырау,
Көрмедің бәлкім шықпадың.
Табиғат пенен жүрегім,
Үндесіп жатты ұқпадың.
Жылынып бәлкім кетер ме ем,
Келіп бір жылы тіл қатсаң.
Ақ қардың асты жапырақ,
Таба алмай қойдым .мұз қатқан!
Тұншығып қалды мендегі ой,
Сансырап қалған армандай.
Шашымның әр бір талы да,
Мұз болып қатып қалғандай.
Қиялым едің тек менің,
Күндіз-түні күзеткен.
Іздеуге дәрмен жоқ сені,
Табанымнан сыз өткен!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі