Бұл бетте «Жомарт күзде таныстық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрді бұрын кезіктірмей,
Арадағы алыстық.
Қыс ызғарын сезіп білмей,
Жомарткүзде таныстық.
Біз арлап қыдырғанға,
Жасыл бақтар жоқ бүгін.
Бар тілерім қай кездеде,
Бійік болсын шоқтығың.
Жан әлемін жылыттырдың,
Шуағындай шілденің.
Көктемім боп күліп тұрдың,
Күз ызғарын білмедім.
Дала тектес дарқан екен,
Жанға сыйлар шаттығың.
Сол шаттықты тамашалап ,
Бізді қимай батты күн.
Бізді бұрын кезіктірмей,
Арадағы алыстық.
Қыс ызғарын сезіп білмей,
Жомарт күзде таныстық.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі