Өзің деп – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Өзің деп» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Өзің деп бір әуенді бастап алдым,
Өзің деп жанарымды жасқа малдым.
Өзің деп жыр өрнегін тоқып жүріп,
Арманы боп кетіппін басқалардың.

Бұл шақтың таңы –күйбең,кеші-мұңлы,
Тағы іщтен қайталадым есіміңді.
Қақпадан өзің батып кірмеуші едің,
Қағып тұр біреу келіп есігімді.

Өзің деп жанарымнан шық тамады,
Сол шыққа бөгде біреу сұқтанады.
Атылған жанарлардан жебелерді,
Елесің қалқан ьолып құтқарады.

Таза арман жаралған соң таза мұңнан,
Азапты артық көрдік базарыңнан.
Көрмеген түсімде де біреу келіп,
Жылады шаршадым деп азабыңнан!

Өзің деп бір әуенді бастап алдым,
Өзің деп жанарымды жасқа малдым.
Өзің деп жыр өрнегін тоқып жүріп,
Кетіппін арманы боп басқалардың!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері