Елеңдемеймін ешкімге

Бұл бетте «Елеңдемеймін ешкімге» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2440
Елеңдемеймін ешкімге
Деймін бе? Бәлкім алдау бұл?
Бейтаныс мүлде кескінде
Күлкіңді сенің аңғардым.
Келістім кеткен мезгілмен.
Бейәлім нұрға малындым.
Қол қысып қана көз күлген
Жұмбақ бір сәтті сағындым.
Сені іздеп жолға шықпасам
Жібермей қойған жібі ардың.
Көңіліңді кірсіз ұқпасам
Түсінбей қалған шығармын.
Іздеймін жайлы үніңді,
Кеселге айналған кесене.
Қалдырды ойлар күлімді.
Күлімді көр де ...көсеме.
Ілініп кірпік күлем дер,
Асылған сәтте таң жарға.
Келердей іздеп біреулер
Қараймын кейде вокзалға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елеңдемеймін ешкімге өлеңінің авторы кім?

Айсұлу Рүстемова‎ — осы өлеңнің авторы.

Елеңдемеймін ешкімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елеңдемеймін ешкімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айсұлу Рүстемова‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елеңдемеймін ешкімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері