Көлге түнеген күміс түн сәулесі зерлі… – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Көлге түнеген күміс түн сәулесі зерлі…» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Көлге түнеген күміс түн сәулесі зерлі…
Маңдайда мөлдір сағыныш, сағымы мөрлі.
Ай қауызынан арманың қауашақ жарып,
Сен қайда отыр екенсің, қара қыз меңді?

Айтылмай қалған сөз қанша көкірекке ұйып,
Сан тарау жолдар шақырар… тамыры тұйық.
…Жаулығын орап басына, жарым жүр бейғам,
Қараша айы бүрлеген гүлге су құйып…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері