Айлы түн – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Айлы түн» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1034
Сенімге жалғадым,
Іңкәрлі сезімді.
Сол түні арманым,
Мен күттім өзіңді.
Жымыңдап жұлдыздар,–
Аспанның шырағы.
Бозарып шың-құздар,
Бұлдырап тұрады.
Табиғат мүлгиді,
Айлы түн арайлы.
Ауылдан бір мұңлы
Музыка тарайды.
Қиялмен тербелдім,
Тыңдадым беріліп.
Сол сәтте сен келдің,
Ақ нұрға шомылып.
Ала бұлт аспанда,
Ай тұрды күлімдеп.
Ақпанда ақ қарда
Біз тұрдық дірілдеп.
Өкініш болардай,
Қайғы емес ол да аса.
Сол түннің оралмай,
Кеткені болмаса...

1998 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері