Сапар - І

Бұл бетте «Сапар - І» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 509
Арманыммен жүрсем де Ай мініп мен,
Тағдырымнан тамаша таңды күткем.
Шыққым келіп тұрады бір сапарға,
Сайланып ап сақадай сайгүлікпен.
Шемен көңіл шертпей шер – наланы,
(Сол бір күндер мен үшін ең бағалы) –
Жай отының жарысып жарқылымен,
Көктей өтіп кетсем бір ен даланы.
Мен жайлы сыр шертеді ғасыр әлі,
(Оны несін қалқатай жасырамын).
Туған жердің тау-тасын талықсытып,
Шырқасам ғой шырайлы ғашық әнін.
Шыңырауға шақырып шаттық үні,
(Қиялдаудың ойлашы тәттілігін)
Сағыныштың сапырып самалдарын,
Құлағыңа жетсе әттең ат дүбірі.
Теңбілкөктің төсінен тер ағызып,
Қиқу салып құйғытсам, және қызық.
Сапарыма сәт тілеп менің іштей,
Ұйқтамасаң түн бойы елегізіп...
Талықсысаң таң ата... (Түсін еркем),
Өмір сүріп жүрмін де үшін ертең.
Жапан дала төсінде жалғыз ғана,
Шауып бара жатып мен түсіңе енсем.
Мен солай бір жол тартсам тұлпар мініп,
Аспанымда шарықтап сұңқар мұңым.
...Дүбірлетіп жеткізсем дүниені,
Саған деген жанымның іңкәрлігін...

2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сапар - І өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Сапар - І өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сапар - І өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сапар - І өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері