Өлең, жыр, ақындар

Тырналар

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1160
Қарашаның қатулы қабағынан сескеніп,
Қайтқан құстар қып – қызыл бара жатыр кешке еніп.
Ғазал сіңіп әр қилы қожыр – қожыр тастарға,
Қоңыр әуен қалқиды қоңыраулап аспанда.
Кіл сағыныш кірпігін кеткендей бір мұң шалып,
Сұры тырнаның сұңқылын жұтады үнсіз сұрша бұлт.
Тырау-тырау тырналар,
Тырауыңа ғашықпын.
Аза толы жыл қалар арттарыңда басып мұң.
Шексіздікке құштарым емес әсте кішірген,
Сүйем сені құстарым еркіндігің үшін мен.
Қаққан сайын самғайтын қанатыңа сүйсінем.
Сүйсінем де, қанатсыз пенделерге күрсінем.
Көк айдынды көл бетін құшып өтсем деп едім,
Биік–биік таулардан ұшып өтсем деп едім.
Зарығумен, аңсаумен өтер өстіп енді өмір,
Қанаты жоқ себебі пендемін ғой мен де бір.
Көкке қарап ұлыған көкбөрісі ем жырдың аш,
Қайғым да бар жетерлік,
Қасіретім – мың құлаш!...
Тырау – тырау, тырналар!
Тырауыңа ғашықпын.
Аза толы жыл қалар көкірегімді басып мұң.
Ақ жол тілеп қалам мен қос қолымды жайып тек,
Көкжиекке сіңерсің көз алдымда ғайып боп.
Мен де бір күн сендердей кетем ұшып түстікке,
Ғұмырымның соңына қойылғанда үш нүкте...

2004 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бейуақ

  • 0
  • 0

Бейуақ...
Үйірлі жылқылар дүбірі–
Рухтың үніндей
Көкірек нұрына тамшылар...

Толық

Өртелген мешіт

  • 0
  • 0

Бейуақта сөккен кім сенімімнің көбесін?
Үйі өртелді Тәңірдің.
(Түсім емес, өңім бұл).
Жанарымда боталап жазулардың елесі,

Толық

Уақыт жыры

  • 0
  • 0

Уақыт – ысқырып ұшқан жебе...
Яки, тау басында қалған кеме...
Мәңгіге тоқтаған.
Ол бірақ ғасырлар қойнауының ішінен

Толық

Қарап көріңіз