Тамыр

Бұл бетте «Тамыр» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
«Тамыр» деймін, тамыры бар жыр атын,
Тоғыстырып арман үміт, мұратын,
Кіші-гірім ұқсап шулы вокзалға,
Мен туған үй жол үстінде тұратын...
Сол бір күндер мазалайды түске еніп,
Көктем менен кетті қанша қыс келіп.
Шаршап келіп, аңсап келіп айдыннан
Қонып бәрі, аттанатын түстеніп.
Кең пейіл сол мінезіне даланың
Ұқсап туған аңқау, ашық баламын.
Қарсы алатын ақ дастарқан жанымен,
Менің анам шытпастан еш қабағын.
Бұрды қанша өмір ағыс арнасын,
Келіп-кетер уақытқа бар ма сын.
Әкемнің бір орыс досы келетін,
Әрең тартып алма толы арбасын.
Жас болсақ та, о, біз қандай сабырлы ек,
Жол беруші ек қонақтарға қадірлеп.
Әкемді іздеп Иван, Коля келетін:
«Ассалаумағалейкум, тамыр!»— деп...
Сол бір сөзден жаңғыратын бар алап,
Аққу құстар қанаттарын тарап ақ,
Әкеме айтқан «тамыр» деген сол бір сөз
Кететұғын тамырымды аралап.
Қиялымда жүзіп арман, жаңа күн,
Жанарымда жалын оты жанатын.
Сондағы қос тамырлардан таралып
Достық – емен жайды кеңге қанатын.
Түседі еске сонау бала шағым кеп,
Біздер пештің, олар қазан нанын жеп,
Бір-бірінің есімдерін атамай,
Атайтұғын бірін-бірі «тамыр» деп!
Сол бір сөзді айту қиын мақтанбай,
Кіршігі жоқ көңілдері ақ таңдай.
Жер үстінде тамыр тартқан әкелер
Жер астында тамыр тартып жатқандай.
Болашаққа сыйлап күннің жарығын,
Тіршіліктің татқан бірге бал уын,
Бәйтерегін мәуелетіп достықтың,
Жайыпты олар жүрекке өмір тамырын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамыр өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері