Желдің де билігі жоқ – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Желдің де билігі жоқ» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2107
Таң атады, сейіліп қараңғы да,
Күн келеді, көңілді алаң қыла.
Жапырақтар ұшады тал басынан,
Жаз көйлегі тағы да тоналды ма?
Түнгі үнсіздік жоғалып, серпіледі.
У-шу оны бір демде-ақ өлтіреді.
Ең соңғы жапырақтар үлгермеген
Қара суық ұрған соң тентіреді.
Қараша мұздатады кісі демін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін.
Қарайып, қапы қалған жапырақтың
Көрдім мен қарда қалып, үсігенін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері