Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз бейнең есімде

  • admin
  • 31.07.2024
  • 0
  • 0
  • 133
(Ғабит Мүсіреповке)
І
Ойымнан кетпес мәңгілік
Ұстаз бейнең есімде.
Өнеге сөзің жаңғырып,
Үн қатасың түсімде...
Кітабыңда шалқыған
Кемеңгерлік қасиет
Інілерге айтылған,
Ұмытылмайтын өсиет.
Есімде менің сақталды,
Маған айтқан ақылың:
Қағып менің арқамды
«Батыл жаз деп ақыным».
Кәрі емессің әлі де,
Бізге кіші інісің.
Ақындардың көбіне
Ағалардың бірісің.
Ақындық қой дарының,
Тарихшылсың, сезгемін.
Қазақтың шыққан тарихын
Баяндап маған меңзедің.
Жаз ойыңды дәлелдеп,
Дерегіңді көрейін.
«Жуықта алып келем» деп
Кеттім өршіп мерейім.
Жатыр едім емделіп
Емханада ол кісі.
Сырқатына мән беріп,
Сыр бермеді тың түсі.

ІІ
Жатыр едім күбірлеп,
Қиялымды түн билеп.
Жетті хабар дүбірлеп
«Ғабең көзін жұмды!» деп.
Ыршып тұрдым төсектен,
Жай түскендей басыма.
Адамдай бір есі кеткен,
Жүгірдім сыртқа асыға.
Келсем жетіп асыға,
Күңіренген ордасы.
Бұлт бүркеніп басына
Ғазиза жан жолдасы.
Нөсер соқса айдыннан,
Теңселтеді тауды да.
Иілдік біз қайғыдан
Жеңгеміздің алдында.
Ел-жұртына бас аға,
Ұстазы өнер, дарынның.
Тебіренді астана,
Шертіп жоқтау сарынын.

ІІІ
Ағаны тың қонысқа
Аттандырып келіп ем.
Зиратқа барар бір тұста
Кездесті Ғабең менімен.
Сол жаққа кетіп барады,
Ат үстінде тербеліп.
Қолында ұшқыр қаламы
Қанатындай сермеліп.
Мені көріп бөгелді,
Сәлем беріп тілдестім.
Тік көтеріп кеудемді
Артына тез мінгестім.
Қолымда жоқ қаламым,
Қабірге тартып барамын.
Күбірлеп мен келемін
Артында ұстаз ағаның.
Кенет маған зілденіп:
«Түс! – деді, –
Маған мінгеспе!
Қал артымда,
Бол берік,
Ұмтыл алғы белеске.
Өрлеп өлең өріне,
Шарла шыңды, асқарды,
Қос үніңді өмірге,
Жаза бер жаңа дастанды!»
Түсім екен... селк еттім,
Сипалап мең-зең басымды.
Қай тың асып өтпекпін
Ұстазым айтқан асуды?
Асуларға аттанам,
Шарлап уақыт шыңдарын.
Ағалар әлі айтпаған
Шырқап дәуір сырларын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңқаты әуендері

  • 0
  • 0

Қырына алтын бидай алқа тұнған,
Ән шіркін аңқылдады Аңқатыдан.
Тасыды дән өзені... Дәл өзінің
Көктемгі нөпіріндей тарқатылған.

Толық

Күте бер мені келер деп

  • 0
  • 0

Күт мені, сәулем, ұзақ күт,
Қайтармын, сау келермін,
Көңіліңе сеуіп ой күңгірт,
Өтсе де күт, нелер күн.

Толық

Өзіңе сен, жас ойшыл

  • 0
  • 0

Өзіңе сен, жас ойшыл,
Тіл өнерің отпен тең.
Жаз күніндей жастық жыр
Жалын атсын жүректен.

Толық

Қарап көріңіз