Бұл бетте «Ана тілі» атты Ермахан Шайхыұлы жазған тіл туралы өлең берілген.
Рақмет
Ұмыта қалай алмақпын, Өзіңде өткен жылдарды?! Қиялды биік самғаттым, Бетке алып арман шыңдарды.
Қарсы алар есіп алдымнан, Самалы дархан даланың. Өзіңді әркез сағынған, Туған жер ерке балаңмын.
Жайлауда жасыл жамылған, Оранып аппақ сағымға. Қыр асып отар барады, Жайлаудың төсін сағынған.
Ержетуді ойлап ертерек, Шаттанып, шалқып жүріппін. Келеді мені жетелеп, Бір сенің аппақ үмітің.
Ұядағы балапан қақты қанат, Қарға емес, қыранға өзін балап. Көтерілсем дей берді биігірек, Енді қатқан қанаты – жаңа талап.
Алтын ұя – мектебім, Өзіңде өніп, көктедім. Бас иемін алдыңда, Өзің – мәңгі көктемім.
Хабарлама
INFO
Абылайхан
Рақмет