Бұл бетте «Мәкен мен Сәкен» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұмыта қалай алмақпын, Өзіңде өткен жылдарды?! Қиялды биік самғаттым, Бетке алып арман шыңдарды.
Қарсы алар есіп алдымнан, Самалы дархан даланың. Өзіңді әркез сағынған, Туған жер ерке балаңмын.
Жайлауда жасыл жамылған, Оранып аппақ сағымға. Қыр асып отар барады, Жайлаудың төсін сағынған.
Ержетуді ойлап ертерек, Шаттанып, шалқып жүріппін. Келеді мені жетелеп, Бір сенің аппақ үмітің.
Ұядағы балапан қақты қанат, Қарға емес, қыранға өзін балап. Көтерілсем дей берді биігірек, Енді қатқан қанаты – жаңа талап.
Алтын ұя – мектебім, Өзіңде өніп, көктедім. Бас иемін алдыңда, Өзің – мәңгі көктемім.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі