Қайнар Олжайға – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Қайнар Олжайға» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Шықты-дағы «Президенттің пырағы»,
Жанды Олжайдың бағы менен шырағы.
Басылымда жазып-сызып жүрді де,
Өз талантын телеарнада сынады.

Кенде емес құрметтен де қадірден,
Ада емес жұрт көрсеткен жәбірден.
Шарайнаның ұстаса да құлағын,
Бірақ өзі көрінбейді кадрден.

Кенде емес иманнан да шырайдан,
Хабарлары жанған бейне шырағдан.
Бойында бар қасиеті жапонның,
Түр-әлпеті аумаса да қытайдан.

Жақынына берер бәрін сұратпай,
Ал жауына жауабы жоқ сұрақтай.
Басылымның майын ішкен бұл Қайнар,
Арнаның да туын келед құлатпай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайнар Олжайға өлеңінің авторы кім?

Ермахан Шайхыұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайнар Олжайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайнар Олжайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ермахан Шайхыұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайнар Олжайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері