Оқы, менің көзімнен – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Оқы, менің көзімнен» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Ер ең ғой, еңкеймейтін, байтақ-ерен,
Мен саған бәрін қалай айта берем?
Сен-дағы сырымды ұқсаң айтқызбай-ақ,
Мен-дағы жай табар ем.
Тіккен соң зеңгір көкке ай шатырын,
Самал жел алды бір сәт қайта тыным.
Аспанның жұлдыздары аз болады,
Көп жердің құмынан да – айтатыным.
Сен жүрген жолмен келем, сырымды ар ғып,
Санама салады әр кез ұғымдар жүк.
Сен жоқта басады да иығымнан,
Сен келсең қашып кетед мұңым барлық.
Ілігіп жүргеніңмен сан күдікке,
Өзіңсіз арайлаған таң күліп пе?
Махаббат мекенінің тұтқынымын,
Жазамның мерзімі ме?
- Мәңгілікке!
Сезімнің сеңгірлерін сағалаған,
Айтарың бар ма маған, адал адам?
... Тәңірім бұлт бүркенген бұл пендесін,
Ақын ғып...
Ғашық қылып жазалаған!
Шабақтап, еңкіш тартқан ез ұғымды,
Жанымның солықтаған кезі мұңды.
... Көзімнен оқысаңыз болар еді,
Сөзіме сыймай қалған сезімімді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқы, менің көзімнен өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Оқы, менің көзімнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқы, менің көзімнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқы, менің көзімнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері