Қандай айып тағылған? – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Қандай айып тағылған?» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 1
  • 959
Жамырады ақшам да,
Ай тағыпты алқасын.
Түн жазатын дастанға,
Жер тосады арқасын.
Талайға түн болды бақ,
Табыс тауып тұрды үміт.
... Темекісін сорғылап,
Тыпыршиды бір жігіт.
Қараңғыға қадалып,
Қарайды өзі тесіле.
Қара түннен шам алып,
Іздеп жүр ме несібе?
Салмақ салып жүрекке,
Жүрген жан-ау сыр бүгіп...
Телмірердей түнекке,
Не жоғалтты бұл жігіт?
Күйге еніпті мазасыз,
Айрылыпты сабырдан.
Қалмаған жан жазасыз,
Қандай айып тағылған?
Бақыт барда – деп түйгем,
Алыс қашар күрсіну.
... Шыға келді шеткі үйден,
Сылаң қағып бір сұлу...


Пікірлер (1)

Қанатбек

Қазіргі заманда ондай махаббат, қыз-жігіт бар ма екен ?!. Қазіргі жастар түсінеде, елестетеде, түсінген күнде талғаммен сіңіреде алмайды-ау !.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай айып тағылған? өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Қандай айып тағылған? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай айып тағылған? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай айып тағылған? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері