Қоңырау шал

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Кетсең-дағы жыраққа,
Сенің үнің келе берер құлаққа.
Ұмытқым кеп, алдап көрдім өзімді,
Болмады олай бірақ та.
Мен өзіңсіз баса алмаймын алшаңдай,
Бір өзіңе кім қойды екен арқандай?
Тәңірімдей табындырып тұратын,
Осы сенің қасиетің бар қандай?
Көзін байлап «бақыт» деген киенің,
Сезімдердің салып қойдың тиегін.
Мен өзіңді, білесің бе, жек көрем,
Мен өзіңді сүйемін ғой.
Сүйемін!
Бір махаббат, келіп кеткен асығыс,
Көңілім-ай, жасығыш!
Түнгі бардың болсаң егер қонағы,
Шарап емес, жанарымның жасын іш.
Пенжак киіп пенделік,
Көше кезіп жүрсің бе, әлі, сенделіп?
Аспан жақтан секілденіп атқан оқ,
Жұлдыз ақса, оны-дағы мен деп ұқ.
Салып мені сынаққа,
Бағыт алдың қиырларға, жыраққа.
Жүрегімнің жолыменен жүрмесең,
Кете бергін.
Қоңырау шал бірақ та...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңырау шал өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Қоңырау шал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қоңырау шал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңырау шал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері