Мұңға батқан... бұрымды – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Мұңға батқан... бұрымды» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 939
Табиғаттан жанға таптым миятты,
Табиғатпен жаным егіз сияқты.
Өміріммен өзектессің, көк пен жер!
... Көңілімнен өзен болып күй ақты.
Тырс-тырс тамған сырын ұғын тамшының,
Тылсымына ұялатқан бал шырын.
Пенделіктің сыпырайық ноқтасын,
Бұл ғұмырда, сабындай-ақ қамшының.
Сатыр-сұтыр найзағайдай - әлемім,
Жанымды ұғар неткен ғажап жан едің?!
Аппақ жүзім кеткен шығар алаулап,
... Қара өлеңнің бойындағы қаны едім.
Мына аспанның күрсіністей күркірін,
Мен деп ойла, сен деп шыққан шыр-пыры.
Естіле ме?
Құлағыңды түріп көр,
Жанарымнан тамған жастың сыртылы.
Көк аспанның құйып алған тұнығын,
Жалт-жұлт еткен жанарымнан сыр ұғын.
Өткенімді жұбатам да жырыммен,
Келешектің тарап қоям тұлымын.
Желп-желп еткен жанымдағы жалауым,
Айлы түнде ардың жаққан алауын.
Құбылаға көзім талған қараумен,
Құдайым-ау!
Қайда жүрдің, қалауым?!
Сылдыр-сылдыр аққан бұлақ – жылғадан,
Бақыт тілеп баратқандай бір маған.
Бақыт, маған қайта айналып келдің бе,
Уайымсыз күндерімді ұрлаған?
Бұрқ-сарқ еткен тау өзені, бақ тіле,
...Бұл өмірде махаббаттан тәтті не?
Уақытқа қол қойдырды сабырым,
Өткен өмір - өкінішті актіге.
Гу-гу еткен жел де ұғады сырымды,
Жаным менің!
Саған айттым сырымды.
... Маған ұқсап кеткені анық кешегі,
Әне бір қыз...
Мұңға батқан... бұрымды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңға батқан... бұрымды өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Мұңға батқан... бұрымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңға батқан... бұрымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңға батқан... бұрымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері