Өмір мен өлім – Ернар ЕРГЕШ

Бұл бетте «Өмір мен өлім» атты Ернар ЕРГЕШ жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір мен өлім, екі әлем тоғысуы келмейтін,
Дәл осылай айтқанымда маған ешкім сенбейтін.
«Пенделер» көп бұл өмірде қанжарларын сермейтін,
«Періште» аз сын сағатта көмек беріп тербейтін.

Бола тұра өзім пенде пенделерден қорқамын,
Кім біледі, кек алам деп жұмсап жүрсе шоқпарын.
Бұл пендеңіз дайын тұр-ау, атуға да оқтарын,
Мен білемін әлі мені «халқым» жылап жоқтарын.

Қателік кетсе кешіріңдер, барлығы да өзімнен,
Қаһарлығым көрінбейме, үнсіз жатқан көзімнен.
Мен өлгенде жыламаңдар ешбіреуің өтінем,
Жылап келдім дүниеге, күліп өтем өмірден!

(с) Ернар ЕРГЕШ


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар