Өзімді-өзім түнде өлі сезіндім
Бұл бетте «Өзімді-өзім түнде өлі сезіндім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзімді-өзім түнде өлі сезіндім:
Естен тандым.
Ет-бауырдай езілдім.
Демім бітті.
Тамырымда қан ұйыды.
Қарашығы ағып түсті көзімнің.
Ақ төсекте қара тасқа айналдым.
Қам ойладым.
Қасірет жұттым.
Қайғы алдым.
...Жер мен Көкті бөлеп алтын нұрыңа,
Күндей күліп тұрғаныңа қайранмын!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі