Айналаны ішіп-жесе момын жел – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Айналаны ішіп-жесе момын жел» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Айналаны ішіп-жесе момын жел,
Момын желге қырқа біткен жоның бер!
Көктем келсе ағыл-тегіл дүние,
Еріп сала береді ғой көңілдер.
Алдан шықса гүл бәйшешек сызылып,
Қалар ма екен сезімім де бұзылып?!
Алты ай қыстың жіңішкерген аяғы
Бүгін-ертең кетер ме екен үзіліп?!
Ақ бас шыңдар арбағанға алданбай,
Ақ бұлақтар болса-дағы жар қандай,
Бұлқынады бұла шыңның бойында,
Жұлқынады жау жағадан алғандай.
Дөңбекшиді дөң үстінде тастар дәу,
Шұбар шыңнан қажет еді жас парлау.
Осыншалық олпы-солпы дүниеден
Мүмкін емес бір бұлқыныс басталмау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері