Қанжар

Бұл бетте «Қанжар» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 556
Бір шындыққа жеткен соң,
Тура тартқан төтесін.
Әлденеге кектенсең,
Қынға сыймай кетесің.
Қауіп-қатер төнбей ме,
Бірдеңені бүлдірсең?
Адалдықтың кей-кейде
Қонышында жүрдің сен.
Сені ойласам көп сұрау,
Көңілдегі сызбысың?!
Өткірлігің өткір-ау,
Неге екі жүздісің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанжар өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қанжар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанжар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанжар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері