Соғыс туралы сөз

Бұл бетте «Соғыс туралы сөз» атты Серік Тұрғынбеков жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1288
Соғыс деген мылтық емес атылған,
Бір сұмдықтың кілті де емес ашылған.
Соғыс мәңгі арпалысып келеді
Адам сонау пайда болған ғасырдан.
Соғысамыз ақылмен де,
Сөзбен де,
Соғысамыз аяқпен де,
Көзбен де.
Мына менің қабырғама батады
Болып жатқан ала бүлік өзге елде.
Аспан, жерді дүрліктірген атағы,
Сол сойқанның әркім дәмін татады.
Семья деген шағын ғана мемлекет,
Семьяда да соғыс болып жатады.
Соғыс өртін өшірер-ау өлмеген,
Қанқұмарлар соған ғана шөлдеген.
Өмір неге тұра алмайды қырғынсыз
Деген сұрақ тұрып алды көлденең.
Сәуір гүлі,
Сәби үні еленбей,
Қанқұмарлар оны ұқпайтын кереңдей.
Бүкіл елге бүлік болған соғысқа
Жалғыз ғана бомба жауап берердей.
Көз жіберсек
Тарих салған дерекке,
Сан соғысқа артар еді-ау ел өкпе.
Адал антын бұзған
Мұндар ісі үшін,
Айтшы, сонда өмір сүрмеу керек пе?
Бүкіл менің жан жүйемді қозғаған
Ауыр тиді «соғыс» деген сөз маған.
Қырық жылдай қуанышты күн кешіп,
Енді қандай қасіретке кез болам?
Әлі талай ашылмаған сыр бардай,
Әлі талай жазылмаған жыр бардай.
Әлемдегі бар адамның тағдыры
Бір бомбада жасырынып тұрғандай.
Қара бұлттар қорғасындай төнген кеп,
Өзегіңнен өтетіндей өңмендеп.
Соғыс өрті баяғыда тұтанған,
Бірақ әлі... бірақ әлі сөнген жоқ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыс туралы сөз өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Соғыс туралы сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыс туралы сөз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Соғыс туралы сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері