Махаббатты болды дейсің кім біліп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 519
Махаббатты болды дейсің кім біліп,
Бойды билеп бір қуаныш, бір күдік.
Талай-талай жанарлардан жас ағып,
Талай-талай кеуделерден тұнды үміт.
Бәріне де жетесің-ау, жарық күн,
Сен өзіңнің молдығыңды таныттың.
Мен бір қызды алдадым ғой деп жүрсем,
Одан бұрын мен алданып қалыппын.
Өзің жайлы көп қой, шіркін, шертер мұң,
Бірін сүйіп, ал бірінен жеркендім.
Өзеуреген өзгелерді көргенде,
Өз отыма өзім ғана өртендім.
Ойхой, досым, бір сыр айтам тағы да –
К
ір келтірме гүлді раушан шағыңа.
Бар болғанда бір-ақ қызды билейміз,
Туған жоқпыз барлық қыздың бағына.
Жігітпіз ғой арманқұмар, бәсқұмар,
Жаңылғанның жанарына жас тұнар.
...Махаббат па?
Махаббатпен ойнама,
Аяғыңды ол әлтек-тәлтәк бастырар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббатты болды дейсің кім біліп өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Махаббатты болды дейсің кім біліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Махаббатты болды дейсің кім біліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббатты болды дейсің кім біліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері