Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел

Бұл бетте «Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел» атты Серік Тұрғынбеков жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел,
Сен маған сәскеде емес, ымыртта кел.
Жайланып жағасында қыдырайық
Жайлаудың төсіндегі жұмыртқа көл.
Кел маған маң манаурап, қас қарая,
Керім қыз сырласудан жасқана ма?!
Мас болып махаббаттың шәрбатына,
Екеуміз ұқсайық бір жас балаға.
Сен мені өртер болсаң, өрте біліп,
Еліттірсін естен тана ерке қылық.
Санашы түнгі аспанның жұлдыздарын,
Жамылып көк шалғынды көрпе қылып.
Келші сен, сырласайық асықпай бір,
Өмірге жаңа келген ғашықтай бұл.
Айналсын басымыздан бақыт құсы,
Құтылсын қасымыздан қашып қайғы.
Күмбірлеп көрейікші перне болып,
Тосайық кеудемізді желге беріп.
Сонан соң... айдың нұры шағылысқан
Екеуміз шомылайық көлге келіп.
Қарағым, қара көзім, кеш келе бер,
Кеш келсең, түспес дейсің еске нелер.
Апыр-ай, қайтер едім, айдын көлде
Шабақ боп қолдан сусып кетсең егер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарағым, қара көзім, құмырсқа бел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері