Қараша үй

Бұл бетте «Қараша үй» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1448
Қараша үйдің түндігі
Қараша желмен желпілдеп.
Соққанда дауыл сұмдығы,
Оттан да қорқып қым-қуыт.
Отыра алмай еркіндеп,
Араша бермей селкілдеп,
Соғады дауыл өр екпін,
Шайқайды басын теректің.
Жұлады шашын шіліктің,
Басталар кезі осы деп
Баспана бұзар бүліктің.
Қараша үйдің уығы
Қараша желге солқылдап.
Апшысын үйдің қуырып,
Жеті қат жердің топырағын
Жұлынын үзе суырып,
Даланың шаңы толқындап.
Деміне бірде булығып,
Басылып, бірде суынып...
Көбейіп кетсе жан-жақтан
Шұбалаң желдің шуылы.
Алқынып барып тынады,
Жағадан әбден алқымдап.
...Қараша үйдің қарасы
Үлкейіп көзге кеткендей.
Даңғайыр мынау даласы
Өзіне тарлық еткендей.
Жаңағы соққан дауылдан
Жазықсыз жапа шеккендей.
Қатты бір тиген тоқпаққа,
Толқымай, яки кектенбей,
Қайыспай тұрар қараша үй,
Дауылдан аман қалып бір,
Жұмаққа қолы жеткендей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараша үй өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қараша үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараша үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараша үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері