Өлең, жыр, ақындар

Қыз қуу

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 713
Еліктей тастан-тасқа қарғып өткен –
Еңістен шыға келді арғымақпен.
Шу шандоз шапқан жерін ақ шаң қылып,
Көз жазып қыздың өзі қалды көптен.
Жігіт те жарты қадам қалды жетіп,
Тізгінге ерік беріп, алды бекіп.
Кеткенде қыз құйғытып, қалар жігіт
Бір жалын жібергендей шарпып өтіп.
Тағы да жеткізбеді-ау, үміт қылып,
Кім аңдар мұның сырын ұғып-біліп.
Жігітке жеткізбесін сезген қыз да
Тізгінін тежей түсер күліп тұрып.
Не пайда іштен тынып, өкінгенмен,
Не пайда белді буып бекінгеннен?!
...Шынында, оңай ма екен ойлағанға –
Арманға арғымақпен жету деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз қуу өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қыз қуу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қыз қуу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз қуу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері