Ел қамын жеген ұлмын – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ел қамын жеген ұлмын» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Ел қамын жеген ұлмын,
Түскенше жағым қашан.
Қарайып неге жүрмін,
Халқыма танылмасам?!
Заманның ағымына
Алаңдап, мұңдаспасам.
Дәуірдің дабылына
Не болам үн қоспасам?!
Елімнің жарлығына
Ой-пікір ойыспаса.
Халқымның зар-мұңына
Қабырғам қайыспаса.
Өмірдің дерегіне
Тамсанып, табынбасам.
Ақын боп керегі не,
Ағымнан жарылмасам?!
Шуағын себердей Күн,
Ашылар бағым қашан.
...Көктемде көгермеймін,
Қыста қар жамылмасам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері