Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсізбін...

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1599
Тәуелсізбін!
(Айту оңай ауызға!)
Жетіп жатыр жексұрын да, жауыз да.
Әлі пісіп, әлі толып болмаған
Жалғыз дәнмін –
Жарылмаған қауызда.
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін десем де,
Жетіп жатыр қырсығың да, кесел де.
(Бөсіп тұрып – өшіктіріп сөйлейтін)
Есем кетті қайдағы бір есерге.
Тәуелсіздік...
Болмас үшін сөз ғана.
Ұйқыңды қи, күлкіңді тый, бозбала.
Бара жатыр көкірегі қарайып,
Атаң шапқан жасыл жайлау, боз дала.
Жар астында жасырынған жау неме,
Бұғып жатып бассалудан сау деме!
Алшаң басып жүре берсең еш қамсыз,
Тәуелсіздік келтіреді тәубеңе.
Замандасым!
Өзіңді-өзің танығын,
Туған жерге төксін шапақ жан нұрың.
Кетіп қалмай сауда қуып,
Сай қуып,
Адамдарға нысап берсін Тәңірім!
Тоқтамасын еңіреген ел көші,
Дертім болса тәуіп болып емдеші.
Жапырақтай кетпесінші желге ұшып
Қасиетті қазағымның теңгесі.
Басылмасын туған елдің думаны,
Арманым сол –
Аңсарым сол туғалы.
Желбіресін Желтоқсанның желімен,
Қолдан түспей Тәуелсіздік тулары.
Ару бақыт араласа әр үйді,
Дархан елге бақ-несібе дариды.
Тәй-тәй басқан қолтығынан демейік
Тәуелсіздік дейтін
Титтей сәбиді!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетісай – жеті қазынам

  • 0
  • 0

Құштарлықтың күшімен
Келе жатқан бетіміз.
«Жетісайдың» ішінен
Шыға келсе жеті қыз.

Толық

Жоғалған жүзік

  • 0
  • 0

Өндір жігіт
Өртенбей от ерінге,
Қимастықпен туған жер – мекенінде,
Мойнындағы міндетін ақтау үшін

Толық

Кеш

  • 0
  • 0

Жағалай қонған ақбоз үй,
Ақбоз үй бір-бір шаңырақ.
Ақ самал болып ақса күй,
Қозы мен лақ жамырап.

Толық

Қарап көріңіз