Бұл бетте «Аурухана төсегінде туған өлең» атты Серік Тұрғынбеков жазған поэзия туралы өлең берілген.
Созылып неше сағат, неше күнге,
Жатырмын аурухана төсегінде.
Бәлкім, бұл жан-жүректің сілкінісі,
Жоқ әлде бейнетім бе, кеселім бе?!
Таласып, тайталасып, һәм тақасып,
Қайтты ғой талай-талай меселім де.
Көп көрдім қызықты да, шыжықты да
Керуен – кең дүние кешенінде.
Үйрендік мақтауға да, даттауға да,
Қоса естіп сыпсыңын да, өсегін де.
Аурудан содан кейін аман қалмас
Мелшиген миғұлаң да, мешелің де.
Жан – дімкес,
Тән – жарадар,
Көңіл – науқас,
Жүргенмен тірілердің есебінде.
Бұл дерттен айықпаған пайғамбар да,
Құтылып кете алмаған көсемің де.
Ешкімге арызданбай, қарызданбай,
Өзім-ақ барайын ба осы өлімге?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі